М. Жұмабаев атындағы ПГК дебатерлері үздіктер қатарында!

30.10.2018

2018 жылдың 27 қазанында Петропавл қ. Достық үйінде Солтүстік Қазақстан "Ассамблея" корпоративтік қоры тәжірибелі дебатер Мағжан Тәжиннің және "Discuss" дебат клубының көмегімен ұйымдастырылған Солтүстік Қазақстан облысының жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында "Мемлекеттік қызмет-қызметтің ерекше түрі және қоғамға және әрбір қазақстандыққа қызмет ету" тақырыбында облыстық пікір – сайыс турнирі өтті.

Іс-шара Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Облыстың белсенді жастары "бұл палата мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін шенеуніктердің сыбайлас жемқорлық жасаған жақын туыстары атқаратын қызметіне қарамастан отставкаға кетуі тиіс деп санайды", "Бұл палата мемлекеттік қызметшілерді 2 есеге қысқарту ақталды деп санайды" және басқа да маңызды тақырыптарды талқылады. Жалпы турнир қатысушылары қазіргі заманғы ең өзекті тақырыптар бойынша өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетті.

Ойында тәжірибелі ойыншылардың, сондай-ақ осы өнер түрінде өзін алғаш рет көретіндердің шешендік қабілеттері көрінді. Барлығы 12 команда қатысты. Ойын Британдық формат бойынша, 3 румда + 1 финалдық ойын және Үздік спикер (Линкольн-Дуглас) атағына арналған ойын өтті. Турнир 8 сағатқа созылды.

Осындай деңгейдегі турнирге алғаш рет қатысқан "Виктория" командасы (Тимофей Романюк және Анастасия Колесникова) жартылай финалға жетті. Ал М. Жұмабаев атындағы ПГК "Әділет" командасы (Чепикова Надежда мен Қанаева Рыскүл) 3 орынға ие болып, облыстың үздік дебаторларының қатарында болды.

Барлық қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды, ал пікір-сайыс турнирінің жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бердогулова А.А.,
«Дебаты» клубының жетекшісі


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст